歌手:
图玛尔
专辑:
《扎依特编曲作品》作词 : 古丽娜尔 Gülnâr Qwanbekqızı
作曲 : 扎依特 Zaït Asqarulı
Әке
Өлеңі : Гұлнәр Қуанбекқызы
Әуені : Зайт Асқарұлы
Елдіктің сөзін ,
Ерліктің өзін ,
Ұқтырдың өзің әке .
Ананың тілін ,
Даланың нілін ,
Жұқтырдың өзің әке .
Қыранның үнін ,
Ертістің мұңын ,
Боздатты күйің әке .
《 әғажай 》деген ,
《 елім - ай 》менен ,
Қоздапты жырың әке .
Қайырмасы :
Аспаннан да алыпсың сен әке ,
Күннен де жарықсыңсен әке .
Баяғы батыр баба заңына ,
Ие болып қалыпсың сен әке .
Ғасырлар қанаты да талған ,
Тарихың қына таста қалған .
Өзіңнің аманатың маған ,
Өзімнің тауларым мен далам .
Абыздың өзі ,
Аңыздың сөзі ,
Шежірең бөлек әке .
Айбатың ерек ,
Рухың демеп ,
Қайратың керек әке .
Сезімің селдей ,
Төзімің жердей ,
Ақылың көлдей әке .
Қанбады шөлім ,
Аңсадым елім ,
Аңсадым өзіңді әке .
Қайырмасы :