歌手:
纪哥尔
专辑:
《Jiger Kasim》 作词 : jok
作曲 : jok
Ана жүрегі
Нұр шашып жанарың от жалындаған,
Не күш бар өзіңе ана бағынбаған.
Жаныңның нәзік, сұлу жылуынан ,
Адам жоқ қуат алып, жылынбаған.
Таппадым саған теңеу асыл анам ,
Қалайша махаббатты жасыра алам .
Идіріп алпыс екі тамырыңды ,
Бұлақтай ақ сүтімен асыраған .
Идіріп алпыс екі тамырыңды ,
Бұлақтай ақ сүтімен асыраған.
От сезім анашымнан алаулаған ,
Жүрегім әр кез оған жылу болған .
Есіме түскен кезде сәби күнім,
Ұйқымнан мың оянып сан аунағын .
Таппадым саған теңеу асыл анам ,
Қалайша махаббатты жасыра алам .
Идіріп алпыс екі тамырыңды ,
Бұлақтай ақ сүтімен асыраған .
Идіріп алпыс екі тамырыңды ,
Бұлақтай ақ сүтімен асыраған.
Тербетіп таң атқанша бесігімді ,
Үйреттің бол деп әр кез кешірімді .
Қолымнан келсе егер аяулы анам ,
Аспанға жазар едім есіміңді .
Таппадым саған теңеу асыл анам ,
Қалайша махаббатты жасыра алам .
Идіріп алпыс екі тамырыңды,
Бұлақтай ақ сүтімен асыраған.
Идіріп алпыс екі тамырыңды,
Бұлақтай ақ сүтімен асыраған.