Ana 作词 : jok 作曲 : jok Ана жүрегі Нұр шашып жанарың от жалындаған, Не күш бар өзіңе ана бағынбаған. Жаныңның нәзік, сұлу жылуынан , Адам жоқ қуат алып, жылынбаған. Таппадым саған теңеу асыл анам , Қалайша махаббатты жасыра алам . Идіріп алпыс екі тамырыңды , Бұлақтай ақ сүтімен асыраған . Идіріп алпыс екі тамырыңды , Бұлақтай ақ сүтімен асыраған. От сезім анашымнан алаулаған , Жүрегім әр кез оған жылу болған . Есіме түскен кезде сәби күнім, Ұйқымнан мың оянып сан аунағын . Таппадым саған теңеу асыл анам , Қалайша махаббатты жасыра алам . Идіріп алпыс екі тамырыңды , Бұлақтай ақ сүтімен асыраған . Идіріп алпыс екі тамырыңды , Бұлақтай ақ сүтімен асыраған. Тербетіп таң атқанша бесігімді , Үйреттің бол деп әр кез кешірімді . Қолымнан келсе егер аяулы анам , Аспанға жазар едім есіміңді . Таппадым саған теңеу асыл анам , Қалайша махаббатты жасыра алам . Идіріп алпыс екі тамырыңды, Бұлақтай ақ сүтімен асыраған. Идіріп алпыс екі тамырыңды, Бұлақтай ақ сүтімен асыраған.